$ 510.49  527.29  5.27

«Бөлісуді жөн көрдім»: Шавкат Рахмоновтың қарындасы желіде сүйінші сұрады (ФОТО)

Құттықтап қойсаңыздар болады!

Фото: Instagram/sora_rakhmonova
Фото: Instagram/sora_rakhmonova

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова алғашқы әскери шешін алғанын хабарлады. Ол жақсы жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Рахмонова Сора Бақтыбайқызы - қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, кикбоксинг, кайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері. Ол былтыр тамыз айында ТЖМ қатарына қызметке тағайындалған еді. Бұл қызметіндегі алғашқы шенін алғанын ол желідегі парақшасында жазды.

"Құттықтап қойсаңыздар болады! Әскери қызметте бірінші офицерлік шен - лейтенат шені берілді! Осы қуанышты жаңалықты өздеріңізге бөліскенді жөн көрдім. Елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек ететін құтқарушылар қатарында болғанымды мақтан тұтамын! Қазақстан Республикасына қызмет етемін. Еліміз аман болсын. ", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары