Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль бар.
Харбиндегі Азия ойындарында ел қоржынына үшінші алтын медальді Қазақстан биатлон құрамасы салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
10 шақырымдық спринт сайысында отандасымыз Владислав Киреев мәре сызығын бірінші болып кесті. Осылайша спортшы Қазақстан құрамасына үшінші алтын жүлдені алып келді.
Жарыста алғашында бірінші айналымнан кейін көш басында қазақстандық Вадим Куралес болған еді. Екінші ату аймағынан кейін көш басына қытайлық Канг Гу шықты. Келесі айналымда Куралес қайта көш басына шықты. Алайда жарысқа кейінірек қосылған Владислав Киреев бәрін сәтті орындап жеңімпаз атанды.
Күміс жүлдені де осылайша қазақстандық спортшы ұтты. Вадим Куралес жарыс нәтижесінде екінші орынды иеленді. Ал Кинг Гу қола жүлдені еншіледі.