Орыстар өлмей тұрып, бірден завещание жазып кетеді, ал біздер, қазақтар өле-өлгенше жабысып, айырылмаймыз.
«Қайтыс болған адамның киімдерін балаларына беруге болмайды» деген емші жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Халық емшісі, көпке Дәкен Шәкенқызының пайымдауынша, өмірден өткен адамның көзі тірісінде киген киімдерінде жаман энергия сақталуы мүмкін.
«Қайтыс болған адамның туған балалары, бауырларына алуға болмайды. Өйткені ол кісілерге бітпейтін сұрақ-жауап болады да, ал сізге бітпейтін негатив болады. Мысалы, Пайғамбардың өзі жаңа шапан алса, бұрынғысын сыйға тартады екен, сұрауы қатты болады деп.
Орыстар өлмей тұрып, бірден завещание жазып кетеді, ал біздер, қазақтар өле-өлгенше жабысып, айырылмаймыз. Сосын қайтқан кісінің затын үйде ұстамайды. Мысалы, Атырауда кісі қайтса, күзетін шығарыды да, міне заттары, түгел деп бәрін таратып жібереді.
Алтыны, басқасы болсын, түгел сандығын таратып жібереді. Өйткені адам жоғалып кеткен болсағ иттер адамды иіс бойынша іздемейді, тамақ, шаштың иісі дегендей. Ол бойынша іздемейді, тек энергетика бойынша іздейді. Адамдардың энергетикасы оның киімінде, оның затында да, бәрінде де сақталады», — деді емші.
Емшінің бұл сөзінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары оған жаппай қарсы шығып, «Қазір білгіштер көбейіп кетті, мынау не сандырақ!?» деп жаза жөнелді.