11.02.2025, 16:20

«200-240 теңгеден сатылуы керек»: Министр картоп бағасы туралы айтты

Фото: Pixabay

Бізде картоп жеткілікті.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасы шын мәнісінде қанша теңге болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Сапаров сауда орындарында картоп 450 теңгеге дейін қымбаттағанын мойындады. Айтуынша, қазір Сауда министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

«Small-ға қатысты айтсам, мен вице-министрге осы мәселені тапсырдым. Бізде картоп жеткілікті. Жанымыздағы Қарағанды мен Павлодарда олар үлкен рефакция жасап жатыр. Фермерлер сатқысы келмейді. Яғни, 7 пайыздан бастап және одан жоғары. Біз қазір-ақ 4-5 КамАЗ картоп әкеле аламыз, қабылдасын. Біз оны 200 теңгеден сата аламыз. Жарайды үстіне 20% қоссын, сонда картоп 240 теңге тұруға тиіс. Бұл жерде шынымен де сауда орындары бойынша мәселе бар. Біз осы мәселені шешу жұмысымен айнылысамыз», - деп Сапаров Үкімет отырысында.