123 651 жұп некелессе, 40 647 жұп ажырасқан.
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы демографиялық жағдай туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 774 743, ауыл тұрғындары – 7 511 341 адам. Халықтың саны бір жылда 252 242 адамға өскен. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 235 078 адамға, көші-қон есебінен – 17 164 адамға.
12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келді, оның ішінде ұлдар – 190 213, қыздар – 178 457. Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан (1000 тұрғынға 25,05 адам), Маңғыстау (24,47) облыстарында және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.
Сондай-ақ былтырғы жылдың ішінде алдын ала мәлімет бойынша 123 651 неке және 40 647 ажырасу тіркелген.