$ 501.31  520.11  5.33

Тегін 10 соттық жер беру шарттары өзгерді

Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдері тек су құбыры мен электр желісі бар аумақтардан беріледі.

Фото: Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы
Фото: Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы

Қазақстандықтарға берілетін 10 соттық тегін жер енді тек инфрақұрылымы толық тартылған аймақтардан ғана бөлінетін болады. Су мен жарық жеткізілмеген жерлерде құрылыс жүргізуге рұқсат берілмейді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдері тек су құбыры мен электр желісі бар аумақтардан беріледі.

Мұндай шарт бұрын болмаған. Бұрын 4 миллионнан астам қазақстандық өз қалауы бойынша жер таңдап, өтініш берген. Енді, олардың көрсеткен жерінде су мен жарық болмаса, кезек әрі қарай жылжи береді. Сол ауыл немесе аудан міндетті түрде инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұрын тіркелген азаматтардың кезегі сақталады, олардан қайтадан өтініш талап етілмейді. Кезектегілердің тізімі жергілікті атқарушы органдардың автоматтандырылған жұмыс орындары арқылы қалыптасады.

Ережелер бойынша жер өтініш арнайы есепке алынғаннан кейін ғана беріледі. Осы есепті жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Егер белгіленген аймақ үй салу мақсатында пайдаланылмаса, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін. Жаңа талаптар жер кезексіз берілмес үшін енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары