11.02.2025, 22:30

«Сусынға есірткі қосып кетеді»: Полиция қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Фото: monkeypizza.ru

Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі.

Соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды, олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздарға, сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі. Елорданың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мамандар өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ерекше қозғап өтті.

Айта кетейік, мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы – бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.