12.02.2025, 00:30

«Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін»: Баспаналы болғысы келген 4 бірдей тұрғын алданып қалған

Фото: adm-ussuriisk.ru

Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Кентауда төрт бірдей тұрғынды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Түркістан облысы Кентау қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, ер адам қаладан пәтер алмақ болған жәбірленуші әйелді алдап кеткен.

Жәбірленушімен танысқан күдікті қаладан мемлекеттік бағдарламамен үй алуға көмектесетінін айтқан. Қызметі үшін ол алдын ала 500 мың теңге ақшасын алып, кейін онымен байланысын үзген.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында күдіктінің дәл осылай алаяқтықтың 3 жайтына қатысы бар екенін анықтады.