Қазақтар бұл ауруға онша мән бере бермейді, қазақша «құс келгенде, құс кеткенде ауырады» деп балаларын үйде ұстап отыра береді. Кейбірінің миы сау адамдардан артық жұмыс істейді.
Депутаттар, ата-ана баласының ауытқуы бар екенін біліп, ауруын жасырып үйінде ұстаса қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң шығару керек. Себебі мұндай аурумен ауыратындар біздің елде көп! Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек дабыл қақты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, көп ата-ана миында ауытқуы бар балаларын жындыханаға апаруға қимайды. Салдарымен олар қоғамдағы басқа адамдарға қауіп төндіреді.
«Шизофрения ауруымен ауыратындарға мемлекет тиісті деңгейде көңіл бөлу керек.
Қазақтар бұл ауруға онша мән бере бермейді, қазақша «құс келгенде, құс кеткенде ауырады» деп балаларын үйде ұстап отыра береді. Бұл толық жазылмайтын созылмаулы ауру түрі. Бұндай аурумен ауыратын адамдардың фантазиясында шек жоқ. Кейбірінің миы сау адамдардан артық жұмыс істейді.
Бізде қаншама ата-ана бұндай диагнозы бар балаларын үйлерінде ұстап отыр. Себебі балаларын жындыханаға апаруға қимайды.
Халықпен тығыз жұмыс істеген соң бұндай балалардың жағдайымен көбірек жолығамын. Ең алғаш осыдан 6-7 жыл бұрын Маржан деген қыз жайлы да қатты шу болған кезде, бұл ауру жайлы екі үш ай зерттедім. Көптеген ғалымдардың зерттеулерін оқыдым. Біраз мамандардан кеңес алдым. Қоғамда резонанс болған соң, жындыханаға кіріп қыздың құжаттарымен, анасымен, дәрігерлермен сөйлесіп кішкентай кезінен емделген құжаттарын көрген соң, ол қыз сол жақта қалып ем алғаны дұрыс деген тұжырымға келгенмін. Сол кезде кейбір адамдар сол қызды жындыханаға мен апарып жатқызғандай шулады. Ал негізінде ол қыздың анасы үш жасынан бастап Алматы қаласында дәл осы диагнозбен емдеген. Шымкентке ол қыз өскен соң ауыстырылған. Бірақ қоғам шулады, анасын қаралады, дәрігерлердің қортындысына сенейік деген мені қарғап сіледі. Нәтижесінде оны асырап алған әнші де одан бас тартты.
Кейде халыққа дұрыс жол көрсетсеңде жақпайсың, дұрыс па, бұрыс па зерттемейді де ауыздарына келгенді құса береді. Жанашырлық қой деулеріңіз мүмкін, кейде біреуді аяушылық, жанашырлық қоғамға қауіпті болуы әбден мүмкін. Лифтідегі баланың бетін пышақпен тілгілеген оқиға соған дәлел!
Кешегі жағдайға ұқсас тағы бір оқиғаны айтып кетейін. Қарағандыда, кішкентай бала көршісіне пышақ тығып алған. Анасы жақында «бала үш жыл болды Алматыда ем алды, ал дәрігерлер жібермей жатыр. Шығаруға көмек беріңіз заңсыз ұстап отыр, оның есі дұрыс» деп хабарласты.
Дәрігерлер жәйдан жәй ол баланы ұстамайды. Дәрігер мамандар жиналып қортынды бермесе ол қоғамға қауіпті дедім. Әрине ол кісі маған ренжіді.
Кез келген анаға өзінің тоғыз ай көтерген баласы әппақ, бірақ мида ауытқуы бар баланы ұстау, оны қадағалап бақылау мүмкін емес.
Қоғам кейде көп мәселені бір жақты қабылдап жатады, екінші жағын осылай оқыс жағдайлар болғанда ғана ойбайлап шулап жатады. Кез келген жағдайда нағыз сарапшы мамандардың пікіріне жүгінген жөн!
Ал біздің депутаттар, ата-ана баласының ауытқуы бар екенін біліп, ауруын жасырып үйінде ұстаса қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң шығару керек Себебі бұндай аурумен ауыратындар біздің елде көп!», - деп жазды заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында.