Кафеде бұдан бұрын бірнеше рет кездестірген Ш-ның достарымен ішімдік ішіп отырғанын көріп, сәлемдескен.
Орал қалалық сотында А. деген тұрғынға қатысты ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағына сәйкес үкім шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын 2024 жылдың қазан айында түнгі сағат 02.00-де кафеге демалуға барған.
Кафеде бұдан бұрын бірнеше рет кездестірген Ш-ның достарымен ішімдік ішіп отырғанын көріп, сәлемдескен. Сол кезде танысы үстелге отыруды ұсынғанда, бұл келісіп, бірге ішімдік ішуге кіріскен.
Одан әрі Ш. мен А. арасында келіспеушілік туындап, сыртқа шыққаннан кейін төбелес басталған. А. таяу маңдағы көлік жуу орталығына қарай қаша жөнелген. Ашық тұрған көлік жуу орталығына кіріп, үстелден асүй пышағын алып, сыртқа қарай шыққан. Сосын қарсы жүгіріп келген Ш., Т., және Н. деген ер адамды көріп, тығып қойған пышағын алып, Ш-ға қарай сермеген. Ш-ның інісі Н. қорғау мақсатымен А-ның қолын ұстап қалған. Сол сәтте сотталушы Н-ға қарай қасақана пышағын көтеріп, оның сол жақ құлағын кесіп алған.
"А. денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін жәбірленуші Н. сотталушыдан 10 млн теңге моральдық зиян және 40 мың теңге материалдық шығын өндіру туралы азаматтық талап арыз берді. Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне толық өкінетінін білдірді. Сот А-ны кінәлі деп танып, одан 1 млн теңге моральдық зиян және 40 мың теңге материалдық шығын өндіріп, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.