$ 502.47  525.83  5.68

Алматыда балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы ұрып-соғып, тұншықтырған (ВИДЕО)

Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде жекеменшік балабақша тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді. 

Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.

"Бостандық аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары