$ 502.47  525.83  5.68

Астанада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайтын болды

Қалалық мәслихат тисті шешім қабылдады.

Фото: Sputnik
Фото: Sputnik

Астанада қала әкімдігі мен «Сергек» бейнебақылау жүйесін әзірлеген мердігер арасындағы келісімшарттың мерзімі аяқталады. Мәслихат депутаттары «Сергектің» орнына қаладағы бейнебақылау жүйесін БАӘ-ден келген Presignt компаниясына тапсыруды мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов 2017 жылдан бастап Астанада «Сергек» жобасы жүзеге асырылғанын айтты.

«Биылғы 13 наурызда келісімшарттың мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және жобаны одан әрі дамыту үшін біз халықаралық Presight компаниясымен бірге жасанды интеллект негізінде қала инфрақұрылымын басқару жүйесін іске асыратын боламыз. Жаңа жобаны құру кезінде қазіргі жобаның олқылықтары ескерілді», - деді ол.

Presight компаниясы G42 холдингінің құрамына кіреді. Жоба 2030 жылға дейін есептелген.

«Жеке серіктестің инвестиция көлемі – 53 миллиард теңге. Жоба толығымен жеке серіктестің қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте қазақстандық компаниялардың қатысуы жұмыс көлемінің 60%-ын қамтиды», – деді басқарма бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары