ҚҚС ставкасының көтерілуі өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын тікелей арттырады.
Салық жүйесіндегі кез келген өзгеріс ел экономикасына айтарлықтай әсер етеді. Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16%-ға көтерілсе, бұл нарықтағы баға саясатына, бизнес құрылымына және тұтынушылардың сатып алу қабілетіне айтарлықтай әсер етеді. Skifnews.kz ақпарат порталы ҚҚС мөлшерлемесі көтерілген жағдайда қандай өзгерістер болатынын қарастырып көреді.
ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуіне не себеп болады?
ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға арттырудың бірнеше себебі болуы мүмкін:
Бағаға ықпалы
ҚҚС ставкасының көтерілуі өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын тікелей арттырады. Бұны бірнеше сала бойынша талдап көрейік:
Коммуналдық қызметтердің өсуіне байланысты вице-министр төмендегідей пікірде.
"ҚҚС-ы бар барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы бірден өседі. Олардың құны салық мөлшерлемесіндегі айырмашылыққа сәйкес автоматты түрде жоғарылайды. Бірақ бұл әсер қысқа мерзімді болады", – деп жауап берді Арман Қасенов.
Ал Ұлттық экономика вице-министрінің сөзінше, жаңа салынған тұрғын үй бағасына келсек, заңның соңғы редакциясына сәйкес ҚҚС-тың алғашқы нарыққа қолданылмайды.
"ҚҚС алғашқы нарыққа, яғни жаңа салынған тұрғын үйлердің сатылымына қолданылмайды. Мүмкін, басқа бір тетік немесе салық түрі енгізілетін шығар. ҚҚС салынатын барлық тауарлар, салық ставкасының өсуіне байланысты қымбаттайды. Қазір талқыланып жатқандай, жаңа мөлшерлеме 16 пайызға дейін жетуі мүмкін. Біз инфляцияға қысқа мерзімді, бірақ бір реттік әсері шамамен 3–3,5 пайыз деңгейінде болады деп күтіп отырмыз. Бұл ҚҚС-қа жататын барлық тауарларға әсер етеді", – деп түсіндірді шенеунік.
ҚҚС кәсіпке қалай әсер етеді
ҚҚС-тың 16%-ға дейін өсуі кәсіпкерлер үшін қосымша қаржылық жүктеме тудырады:
Адыраспанмен емделуіміз мүмкін
Салық сарапшысы Айдар Масатбаев денсаулық сақтау нысандарына 10%-дық салықты енгізу емделушілерге дәрі-дәрмек сатып алу кезінде де, ақылы медициналық қызметтерді пайдалану кезінде де жүктелетініне сенімді.
“ҚҚС кедейлер үшін салық, өйткені оны түптеп келгенде тұтынушы төлейді. Расында, баға өседі. 10%-бен шектелмейді деп ойлаймын. Ең құрығанда 12-15% жоғары болады, бірақ бұл ҚҚС-тың өзі емес, медициналық қызметтер мен медициналық препараттардың құны. Ол еріксіз көтеріледі деп алаңдаймын”, – деді салық сарапшысы Айдар Масатбаев.
Дәрігер Қайырғали Көнеев те денсаулық сақтау саласына салық салудың ерте екеніне сенімді. Сонда медициналық сақтандыру қоры да 10% салық төлеуі керек.
“Теріс салдары өте үлкен. Көптеген медициналық ұйымдар шет қалады, оның салдары тек экономикалық емес, ғылыми-техникалық салдары да болады. Соңында адыраспанмен емдеп кетеміз”, – деді балалар невропатологы, қоғам қайраткері Қайырғали Көнеев.
Қазақстанда қосылған құн салығын көбейткен жағдайда инфляцияның алдын алуға бола ма
Үкімет отырысында Серік Жұманғарин салық түсімдерінің жыл сайын 4-5 триллион теңгеге өсетінін атап өтті.
"Бұл қаражат келесі мақсаттарға жұмсалады: Ұлттық қорға тәуелділікті азайту, мемлекеттік қарыз деңгейін төмендету, инфрақұрылымды, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібін және қорғаныс саласын дамытуға қосымша ресурстар бөлу. Айта кету керек, салықтардың көтерілуінен болатын инфляциялық әсер қысқа мерзімді болады және бір жылда жойылады. Қосымша инфляция 3 пайызға дейін болады деген болжам бар", – деді Серік Жұманғарин.
Қорытындылай келе, ҚҚС-тың 16%-ға өсуі бағаның көтерілуіне, тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендеуіне және бизнестің шығындарының артуына алып келуі мүмкін. Бұл өзгерістің экономикалық әсерін азайту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір жеңілдіктер мен қолдау шаралары қажет. Әйтпесе, халықтың әл-ауқатының төмендеуі және нарықтағы тұрақсыздық сияқты мәселелер туындауы мүмкін. ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуі экономикаға қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді, бірақ оның дұрыс басқарылуы маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.