Іс шынымен қалай жүріп жатыр?
2024 жылдың соңында Қазақстанда орташа жалақы 434 982 теңгеге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылғы IV тоқсандағы медианалық жалақы 308 717 теңге болған. Ал орташа жалақы 435 мың теңгеге жақындаған.
«Шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, атаулы жалақының орташа мәні 434 982 теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға, нақты мәнде – 1,8%-ға өскен», - делінген хабарламада.
Төртінші тоқсанда орташа жалақының өскені жыл соңында берілетін қосымша төлемдер және мерекелік сыйақыларға байланысты болған.
Өңірлер арасында орташа жалақы ең көп Алматы және Шымкент қалаларында – 13,6%-ға, Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ға көтерілген.
Ал салалар бойынша, ең жоғарғы өсім ақпарат және байланыс – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3%-ға саласында байқалды.
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 7,6%-ға, білім беру саласында 5%-ға ұлғайған.
Сондай-ақ, биыл билік атаулы әлеуметтік көмек бойынша төлемдерді ұлғайтпақ ниетте.
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін көтерген кезде азаматтардың сатып алу қабілетін сақтап қалуға ниетті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
"Егер реформа қазір айтылғандай жүзеге асырылатын болса, онда, әрине, атаулы әлеуметтік көмекті арттырамыз. Біз оған кіргендердің барлығын қамтимыз. Барлық бюджетшіге жалақыны, зейнетақыны индекстейміз. Сондықтан біз қазір оған мұқият қараймыз", – деді Жұманғарин Үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша министрлер кабинетінің мүшелері Үкіметтің кеңейтілген отырысына дейін жұмыс істей бастады.
Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы 5 жылда Қазақстандағы орташа атаулы жалақы екі есе өскен.
2024 жылдың 9 айында Қазақстандағы орташа атаулы жалақы 11 пайыз өскен. Қаржы министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, жыл басында 1 қызметкер 350,5 мың теңге атаулы жалақы алса, ІІІ тоқсанда ол 390 мың теңгеге жеткен.
Статистикалық бюллетень дерегіне сәйкес, 2019 жылы ортала атаулы жалақы 186,8 мың теңгені құраған. 5 жылда бұл көрсеткіш екі есе өскен. Орташа атаулы жалақы:
2020 жылы – 220,8 мың теңгені; 2021 жылы -268 мың теңгені; 2022 жылы – 303 мың теңгені; 2023 жылы -350,5 мың теңгені; 2024 жылдың 9 айында 390,2 мың теңгені құраған.
Ресми статистистикадан атаулы жалақы 2021 мен 2023 жылы жақсы өскенін байқауға болады. 2021 жылы жылдық мәнде 21 пайызға артса, 2023 жылы 16 пайызға өскен.
Ұлттық статистика бюросының әлістемесіне сәйкес, орташа атаулы жалақы – бір жұмысшыға немесе жұмыс істеген уақыт бірлігіне есептелген, ақша бірлігінде көрсетілген жалақы. Ол жалақы қорының жалпы сомасын нақты қызметкерлер санына бөлу арқылы есептеледі.
Бюроның дерегіне сенсек, биыл былтырмен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәні 11,3% өсті, нақты жалақы индексі 102,7%-ға тең.
"Өткен тоқсанымен салыстырғанда жалақының орташа мәні 3,2% төмендеді, нақты жалақы индексі 95,3. Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкентте 16,1%-ға, Алматыда 15,2%-ға, Абай және Ақтөбе облыстарында 14,2%-ға, Қостанай облысында 14,0%-ға жетті", – делінген бюро хабарламасында.
Айта кетейік, ең көп орташа жалақы алатындардың қатарында Атырау облысы көш бастап тұр. Орташа жалақы – 630 894 мың теңге. Екінші орында Маңғыстау облысы (570 233 теңге) тұр. Ал үшінші орынды Ұлытау облысы (515 543 теңге) місе тұтты. Ең аз жалақы алатындардың тізіміне Жамбыл облысы (279 645 теңге) жайғасты.
"Былтырмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс саласында – 28,1 есе. Қаржы және сақтандыру қызметінде 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыста салаларында 18,0%-ға өсім байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға жетті", – деді статистика бюросы.
2024 жылғы III тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы мына салаларда өскені байқалды.
Экономикалық қызметтің барлық түрі бойынша – 390 328 теңге;
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 283 801 теңге;
Өнеркәсіп – 560 826 теңге;
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 854 142 теңге;
Өңдеу өнеркәсібі – 471 222 теңге;
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 393 270 теңге;
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 282 964 теңге;
Құрылыс – 509 788 теңге;
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 360 192 теңге;
Көлік және жинақтау – 531 960 теңге;
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 332 998 теңге;
Ақпарат және байланыс – 673 345 теңге;
Қаржы және сақтандыру қызметі – 831 462 теңге;
Жылжымайтын мүлікпен операциялар – 298 822 теңге;
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 593 349 теңге;
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 359 375 теңге;
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 317 275 теңге;
Білім беру – 271 982 теңге;
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 312 986 теңге;
Өнер, ойын-сауық және демалыс – 267 218 теңге;
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну – 330 938 теңге.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың көпшілігі алатын жалақы мөлшері белгілі болғанын жаздық. Зерттеудегі жалақы туралы нақты деректерде барлық қосымша төлемдер, жәрдемақылар, бонустар, салықтар мен зейнетақы жарналары ескерілді. Осылайша биыл қазақстандықтардың орташа айлығы 285 677 теңге екені белгілі болды. Былтыр қызметкерлердің жартысы жалақы мөлшері тізбегінің орта мәнінен жоғары, ал қалған жартысы төмен алатын медиана мәні 251 356 теңге болған. Елімізде ең көп таралған жалақы – 97 557 теңге. Айта кетейік, 2023 жылы оның мөлшері 81 377 теңге болған еді.