$ 502.47  525.83  5.68

Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

Ер адамның құлаған кезде көпеген сүйегі сынған.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.          

– Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, –  деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын нақтылады.

– 13 ақпанда сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Диагноз «Көп жерден омыртқа мен жамбас сүйектерінің сынуы» және «1-2 дәрежелі жарақаттық шок». Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та науқас көз жұмды, – деп хабарлады дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары