$ 502.47  525.83  5.68

«Сұлу коттедждер салынатын секілді...»: депутат Алматыдағы Зообақтың көшірілетінін айтты

90 жылға жуық тарихы бар хайуанаттар бағы қазіргі уақытта 21 мың гектар жерді алып жатыр.

Фото: vitalik.kz
Фото: vitalik.kz

Алматыдағы хайуанаттар бағы көшірілетін болды. Жаңа Зоопарк Медеу ауданынан Алатау ауданының аумағына көшіріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

90 жылға жуық тарихы бар хайуанаттар бағы қазіргі уақытта 21 мың гектар жерді алып жатыр. Босаған жерге көпқабатты үйлер мен сәнді коттедждер салынуы мүмкін.

«Алматының Зообағы көшірілетін болды. Жоспар бойынша Зообақ Алатау қаласына көшеді. Бұл жоба Алатау қаласына көптеген қызметкерлердің көшуіне себеп болары анық. Алматы қаласы да біраз босап қалар еді.

Сонымен қатар Алматы қаласында, таулардың бөктерінде 21 мың гектар жердің бос қалмайтыны да түсінікті. Горький (қазір Орталық саябақ деп аталады — редакция)  атындағы пакртің түпкі жағында, Теренкурдың бойында, сұлу-көркем коттедждер мен көпқабатты тұрғын үйлер салынатын тәрізді …»,  — деп жазды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза.

Алматыдағы жабайы аңдар орталығы Орта Азиядағы ең ірі хайуанаттар бағы саналады. Оның құрылу тарихы сонау 1937-ші жылдан басталады. 21 гектарға жуық аумақты алып жатқан бақта бүгінде аңдардың 341 түрі өсіп-өнуде. Олардың 31-і «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін жануарлар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары