16.02.2025, 23:30

Танымал сауда үйінің төбесі опырылып түсті

Фото: видеодан алынды

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. 

Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып қалды. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

"Екібастұз қаласы М.Әуезов көшесі бойындағы сауда үйлерінің бірінде 150 шаршы метр алаңда аспалы төбенің опырылуып қалған", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.

"16 ақпанда "Maxi Mall" сауда үйінің ғимарат ішінде аспалы төбе құлап түсуіне байланысты "103" желісі бойынша "112" диспетчерінен шақыру түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында кезекшілікте. Зардап шеккендер жоқ", – деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасынан.