$ 498.75  523.09  5.46

«Отбасы өзара жасырған»: Балаларды зорлады деп айыпталған хирургтың соты өтпек

Қаскөй арам пиғылын балалар анестетиктің әсерінен ессіз күйде жатқанда іске асырған.

Фото: deposit photos.com
Фото: deposit photos.com

24 ақпанда Францияның Ваннес қаласында кәмелетке толмаған балаларға қиянат жасады деп айыпталған бұрынғы хирург 73 жастағы Жоэль Ле Скуарнектің соты басталады. Бұл ел тарихындағы ең ірі сот болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

BBC-дің жазуынша, Ле Скуарнек 1989 және 2014 жылдар аралығында негізінен Бриттаниде 299 баланы зорлады деп айыпталды. Қаскөй арам пиғылын балалар анестетиктің әсерінен ессіз күйде жатқанда іске асырған.

Айыпталушы өзінін кінәсін мойындады. Бірақ өзіне тағылған айыптың бәрін мойындаудан бас тартты. Сот процесі барысында “Ле Скуарнектің әрекетін оның әріптестері мен жұмыс істеген ауруханаларының басшылығы жасырған ба?” деген сұрақтар тууы мүмкін. Десе де Федералды тергеу бюросы француз билігіне айыпталушының балаларға зорлық-зомбылық көрсететін веб-сайттарға кеңес бергенін ескертті. Ле Скуарнек мұндай әдеті туралы отбасы білген. Бірақ оны еш тоқтата алмаған.

“Өзара жасырып қалудың салдарынан ол отбасындағы балаларды жылдар бойы зорлап келген”, – деді адвокаттардың бірі.

Айыпталушы 2017 жылдан бері түрмеде отыр. Ол қазір жасы 30-ға таяған жиендерін және 6 жастағы науқас баланы зорлады деп айыпталды. 2020 жылы ол 15 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ле Скуарнекке 100-ден астам зорлау және 150-ден астам жыныстық зорлық-зомбылық бойынша айыптар тағылып отыр.

Қазір есейген бұрынғы науқастары хирургтың медициналық тексеруді желеу етіп, тіпті ата-аналарының немесе басқа дәрігерлеркөзінше оларға оларға қол жүгірткенін еске алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары