17.02.2025, 15:20

Президент 18-19 ақпан күндері Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

Фото: Ақорда

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.