$ 505.15  550.31  5.89

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Мамандардың айтуынша, бұл күндері ел тұрғындарын тұрақсыз ауа райы күтіп тұр.

Фото: romania-insider.com
Фото: romania-insider.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласына ауа райы болжамын ұсынды. Осылайша, 2025 жылдың 18-20 ақпаны аралығында Алматы мен Шымкентті тұман басып қалады. Осы уақытта Астанада аздаған қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Астана

18 ақпан: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 4-6 градус аяз.

19 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 4-6 градус аяз.

20 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз.

Алматы

18 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

19-20 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

Шымкент

18 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.

19 ақпан: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел көтеріледі. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 8-10 градус нөлден жоғары.

20 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар Қазақстан бойынша 2025 жылдың 18-20 ақпанына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл күндері ел тұрғындарын тұрақсыз ауа райы күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары