$ 502.47  525.83  5.68

«Еркетотайлардың жындарын қағу керек»: Журналист долларлап гонорар алатындарға шүйлікті

Осы күнге дейін аз шолжыңдаған жоқ.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал журналист, блогер Мөлдір Бақыт еліміздегі әншілер мен блогердің қарапайым халықпен бірге ҚҚН салығын төлеуін талап етті. Ол «еркетотайлардың жындарын қағып алатын уақыт жеткенін» ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист өткір ойын өзінің желідегі парақшасында мәлімедеді.

«Осы тойда ән айтып, мың долларлап гонорар алатындарды креативті индустрия өкілдеріне жатқыза аламыз ба? Тағы бір мәселе, жылына 15 млн табысы барлар НДС төлейді дедік. Сонда осыған дейін әнші-пәнші, блогер-слогерлер салықты қалай төлеп келді? Креативті индустрия өкілі ретінде 4% ғана ма? Тағы ИП шығар барлығында? Әлде ол да жоқ па? 

Менің ойымша, олар да басқа бизнес өкілдері секілді жауапкершілік алуы керек. Салық төлесе, төбелерінен суық су құйып жібергендей оянады. Айналаға қарай бастайды, талап ете бастайды. Риторикасы өзгереді. Осы күнге дейін аз шолжыңдаған жоқ. Еркетотайлардың жындарын қағып алатын уақыт жетті.

Олар қайырымдылық жасайды деген жабайы уәж өтпейді», — деді Мөлдір Бақыт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 146
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары