Бұл ретте, адамның ЖСН-ін, оның тұрғылықты жерін, жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан мекенжайын жариялау көзделмеген, өйткені бұл деректер дербес деректерге жатады.
Салық кодексінің 635-бабы бойынша елдегі жоғары лауазымды тұлғалар 2024 жылғы кірістер мен мүлік туралы декларациясын 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынылуы керек, деп Skifnews.kz ақпарат порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мүлкін көпшілікке жариялауға міндетті жоғары лауазым иелерін, олардың мүлкі туралы қандай мәліметтерді жариялауға міндетті екенін айтты.
«2024 жылғы табыстары мен мүлкі туралы декларациялардан алынған мәліметтер 2025 жылдың соңына дейін жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығымен Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілді», — делінген жауапта.
Агенттік нақтылаған тізілімге сәйкес Премьер-Министр және оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің басшысы, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары (Жоғарғы сот төрағасы, Ұлттық банк төрағасы, Бас прокурор) саяси мемлекеттік қызметшілер саналады.
Парламент Мәжілісі мен Сенатының төрағалары Парламент депутаттары саналады («Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 1-тармағы).
Жоғарғы соттың төрағасы — судья («Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 20-бабының 1-тармағы).
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ — квазимемлекеттік сектордың субъектісі.
«Осылайша, аталған саяси мемлекеттік қызметшілердің, Парламент палаталары төрағаларының, Жоғарғы сот төрағасының, «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының декларацияларынан мәліметтер жариялануға тиіс», — дейді ведостводан.
Агенттік «Жариялауға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірлеп, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мақұлдауын алған.
Сонымен, жариялауға жататын мәліметтер мыналар:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабының 9-тармағына сәйкес аталған адамдардың табыстары мен мүлкі туралы декларациялардан алынған мәліметтерді Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының персоналды басқару қызметтері өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады, — деп жазылған ресми жауапта.