$ 502.47  525.83  5.68

«Алла жар болсын»: Екі қазақ жігіті қасиетті Меккеге велосипедпен жол тартты (ВИДЕО)

Қажылық қабыл болсын! Алладан тілеген дұға тілектеріміз қабыл болсын!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Шымкенттен Меккеге қарай жол тартқан екі блогердің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде Халық баласы лақап атымен танымал блогер қасына Ансар Армиянов есімді бауырын ертіп Меккеге жол тартты. Мақсаты – велосипедпен діттеген жерге жету.

Алайда жігіттерге ауа райының құбылып, аяздың күшеюіне байланысты Қазалыдан бастап, батысқа қарай көлікке мінуге тура келді. Оларды TikTok-тан таныған жұрт өздері Ақтауға дейін көлікпен апарып тастауға ұсыныс білдірген екен.

Қазір олар Ақтөбеге жетті. Алда 5 мың шақырым жол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары