$ 502.47  525.83  5.68

Перизат Қайраттың анасы да қылмыстық іске қатысы бар күдікті деп танылды

Сонымен қатар қылмыстық істе Перизат Қайрат пен анасынан басқа күдіктілер жоқ.

Фото: instagram.com/01pk
Фото: instagram.com/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің тергелгенін растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Елемесовтің айтуынша, Ғайни Алашбаеваға алаяқтыққа, қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыруға көмектесті деген айыптар тағылған. 

"Әзірге Алашбаеваға қатысты бұлтартпас шарасы таңдалған жоқ, қамауға алынбады", – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар қылмыстық істе Перизат Қайрат пен анасынан басқа күдіктілер жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерден де жауап алынбаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары