$ 502.47  525.83  5.68

Қызылорда облысындағы балабақшаның асханасын тышқан жайлаған

Аталған мәселелер толық зерделеніп жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты балабақша асханасында тышқан жүргені жөнінде бейнежазба тарады.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты Қармақшы аудандық білім бөлімі жауап берді. 

"Аталған мәселелер толық зерделеніп жатыр. Заңдылыққа сәйкес тиісті шешім шығарылатын болады", — деп мәлім етті басқармадан.

Ал Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V 144 бабы 7 бөлігіне сәйкес, нақты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.

"Кодекстің 144 бабы 5 бөлігі 3 тармақшасында, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге негіз болып табылады. Жоғарыдағылар негізінде, басқармаға сенімді негіздер және растайтын дәлелдемемен қоса арыз түскен жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізуге мүмкіндік болатындығын хабарлайды", — деп жауап берді басқармадан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары