$ 502.47  525.83  5.68

Мұсылман адам Рамазан айына дейін арақ ішсе оразасы қабыл бола ма – ҚМДБ жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құраннан үзінді келтіреді.

Фото: depositphotos
Фото: depositphotos

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында ішімдік ішетіндерге ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кімде-кім шарап ішсе, оның намазы қырық күн қабыл болмайды", – делінген мүфтият хабарламасында. 

Басқарма мәліметінше, намаз сауабының жоғалуы тәубе етпеуі және арақ ішуді доғармауына байланысты. 

“Егер шынайы тәубе етсе, бұл жаза да оның мойнынан түсіріледі. Өйткені шынайы тәубе алдыңғы істеген күнә істі жояды. Осыған орай ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды”, – делінген хабарламада.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары