20.02.2025, 11:00

«Аруақтар оянды!»: Жанат Бақыт көпшілікке ескерту жасады

Фото: instagram.com/zhanat_bakyt

Қазақ үшін аруақ киелі ұғым.

 

Журналист, қазіргі медиум Жанат Бақыт тағы бір жаңалығымен елді елең еткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Democrat.kz-ке сілтеме жасап. 

Өзінің ТикТок парақшасында Жанат Бақыт «аруақтар оянды!» деген ескерту жасады. 

«Қазақ үшін аруақ киелі ұғым. Қазақта «құдай атқан оңалады, аруақ атқан оңалмайды» деген сөз бар. Аруақ — құдай мен адам арасындағы байланыс орнатушы. Адам өз ата тегінен ажырап өмр сүре алмайды. Сол себепті адам өзін тануға тиіс. Қазір аруақтар оянып жатқан уақыт. Аруақтар бізге күш-қуат береді, біздің кармамыз. Біз рухани оянып, кемелденсек қана, ата-баба рухына пайдасын тигізеді», — деген Жанат Бақыт рухани оянбасақ, тегіңізге кесіріңізді тигізесіз деп ескертті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Құдай атынан жалған сөйлеу - ауыр күнә»: Мүфтият Жанат Бақытқа қатысты мәлімдеме жасады