Уақыт белдеуі ауысқанның не пайдасы тиді?
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов уақыт белдеуінің наурыз айында кері қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ринат Зайытов «Airan» YouTube арнасына берген сұхбатында уақыт белдеуіне қатысты шешімнің наурыз айында шығатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол Үкіметтің уақыт белдеуін өзгертуге қатысты нақты дәлелдер ұсынбағанын және оның ешқандай пайдасы болмағанын ашық айтты.
«Наурыз айында отырыс болады. Сол кезде мәселе шешіледі. Үкіметтің ұстанымы әлсіз, ешқандай дәлел жоқ. Уақыт белдеуі өзгергеннен кейін қандай пайда көрдік? Уақыт қайтарылады», – деді Зайытов.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт белдеуі өзгерісінің азаматтар өміріне және экономикаға әсерін толық зерттеуді 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырған.