$ 502.47  525.83  5.68

«Қазақмыс» шахтадағы жарылысты жоққа шығарып отыр

"Қазақмыс" компаниясының мәліметі бойынша, бірінші нұсқа болған төтенше жағдайдың себебі құлау деп айтылған, бірақ бұл расталмады.

Фото: kazakhmys_official
Фото: kazakhmys_official

Компания қайғылы оқиғаның себебіне қатысты тергеудің мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Қазақмыс" компаниясының мәліметі бойынша, бірінші нұсқа болған төтенше жағдайдың себебі құлау деп айтылған, бірақ бұл расталмады.

«Апаттық-құтқару бригадалары түскеннен кейін, құлау болмағаны анықталды. Кеніштегі жұмыс тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылды. Табиғи газдың жарылуына не себеп болғаны талданып жатыр. Компания Үкіметтік комиссиямен және тергеу органдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуде және қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына түзету енгізуді жоспарлап отыр.

Соңғы үш жылда Қазақмыс еңбек қауіпсіздігіне 87 млрд теңгеден астам инвестиция салды, ал 2025 жылға жоспарланған қаржыландыру көлемі 38 млрд теңгені құрайды. Компания жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беруді жалғастырады», - делінген компания хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары