22.02.2025, 08:30

Елімізге қарай бірнеше циклон жылжып келе жатқаны ескертілді

Фото: Сanva.com

Бұл туралы "Қазгидромет"РМК таратқан ауа райы болжамында айтылады.

Алдағы сенбіде, 2025 жылғы 22 ақпанда Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар, ал тағы бір өңірлерде жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы "Қазгидромет"РМК таратқан ауа райы болжамында айтылады.

"Циклондар сериясы және олармен байланысты фронтальды бөліктер өздерімен бірге қар, жаңбыр түрінде жауын-шашын алып келеді. Қазақстанның батысында қалың қар түссе, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы ықтимал", - деп нақтылайды синоптиктер.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысы ғана антициклон ықпалында болмай, мұнда жауын-шашынсыз ауа-райы қалыптасады.

"Республикамыз бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс тән, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте көктайғақ болады деп күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.