21.02.2025, 23:18

«Жүргізуші рөлге ие бола алмаған»: Астанада автобус апатқа ұшырап, жолаушылар жарақат алды (ВИДЕО)

Фото: Astanovka98

Зардап шеккендер бар.

Астанада Бараев көшесінде Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобус жарықтандыру бағанасына соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол - көлік оқиғасы кезінде салонда 25-ке жуық жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апаттың себептері анықталуда, тексеру жүргізілуде.

"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған», - деп хабарлады полиция. «Жол апаты кезінде салонда шамамен 25 жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.  

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр