$ 498.69  522.23  5.79

Бүгін қазақтың қыз Жібегі – Меруерт Өтекешова 74 жасқа толды (ВИДЕО)

Бүгін – «Қыз Жібек» кинофильмінде Жібектің рөлін сомдаған кино және театр әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешованың туған күні.

74 жыл бұрын (1951) Театр және кино әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы ӨТЕКЕШОВА дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін – «Қыз Жібек» кинофильмінде Жібектің рөлін сомдаған кино және театр әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешованың туған күні.

1951 жылы Орал қаласында дүниеге келген әртіс бұл күндері Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978), Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі (1982), «Жігер» фестивалінің лауреаты (1982), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалінің, «Құрмет» (2008), «Парасат» (2017) орденінің, Қазақстан театрлар ассоциациясы «Сахнагер – 2017» ұлттық театр сыйлығы «Сахналық ғұмыр» номинациясы мен ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері (2017-2018) атанған.

Picture background

Ол Алматыдағы 66-мектепті 1968 жылы тәмамдап, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінде Жібектің рөлін сомдау арқылы, кино әлеміне аяқ басқан. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін 1973 жылы тәмамдап, қызмет жолын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында бастаған.

Picture background

Театр сахнасындағы алғашқы рөлі Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі - Әлиман, Мұхтар Әуезовтің «Қарагөзінде» - Қарагөздің, «Еңлік-Кебекте» - Еңліктің, Тахауи Ахтановтың «Жоғалған досында» - Ғайнидің, Дулат Исабековтің «Әпкесінде» - Гауһардың, Әлжаппар Әбішевтің «Кәусарында» - Кәусардың, Асқар Сүлейменовтің «Жетінші палатасында» - медбикенің, Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» - Бәтестің анасын, Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» - депутат Күләштің, Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» ананың рөлін сомдаған.

Picture background

1970 - 2014 жылдар аралығында «Казақфильм», «Қырғызфильм» және «Мосфильм» студиялары түсірген біршама фильмде ойнаған. Бұл қатарда «Қыз Жібек» (1970), «Ғани Мұратбаев», «Ұлдың оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар» (1978), «Тентек балалар» (1980), «Аждаһа жылы» (1981), «Өрнек» (1982), «Өтелмеген парыз» (1983), «Жауын», «Ақ бақсы» (1982), «Шоқан Уәлиханов» (1983), «Махамбет» (2008), «Арман қала» (2009), «Секіріс», «Жаным 2» сериалы (2011-2012), «Кемпір» (2014) туындыларын айтуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары