$ 502.89  527.03  5.71

Маңғыстау облысында бірден 3 адам газға уланып көз жұмды

Бір отбасының төрт мүшесі көмірқышқыл газынан уланған.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 ақпанда Мұнайлы ауданында орналасқан "Қаламқас" тұрғын алабында өрт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір отбасының төрт мүшесі көмірқышқыл газынан уланған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, оның екеуі – жасөспірім. Бір адам аман қалды. Ол ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілгенін хабарлады. Басқа да қажетті қолдау шаралары қабылданды дейді.

Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінің мұржасы болмаған. Осының салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне жайылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары