$ 502.89  527.03  5.71

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Фото: Оқу ағарту министрлігі
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті.

"Бүгінде 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, соның 29-ы елдімекендерде орналасқан", – деді Жайық Махсутов.

2024 жылы 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Айта кетейік, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары