$ 498.69  522.23  5.79

Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тың дерек шықты

Мақсат Қазиевтің айтуынша, бұл іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев борышын өтеу кезінде басынан ауыр жарақат алған мерзімді сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты іс бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеп.

Мақсат Қазиевтің айтуынша, бұл іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.

"Жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу нәтижелеріне пікір білдіре алмаймыз, өйткені ол көп адамның мүддесін қозғайды. Тергеу Бас прокуратураның, Бас әскери прокурордың ерекше бақылауымен жүргізіліп жатыр. Ұлттық ұлан сарбаздың ата-анасымен байланыста", - деді Қазиев.

Оның сөзінше, қазір бұл іс бойынша нақты күдіктілер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары