$ 501.28  526.19  5.86

Өскеменде көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды

Марқұмның кім екендігі анықталды.

Фото: instagram/osa_uka_vko
Фото: instagram/osa_uka_vko

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы Үлбі көпірінің астынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына қаладағы Б.Александров атындағы спорт сарайының маңындағы көпірдің астында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.

«Оқиға орнына полицейлер шұғыл келіп жетті. Үлбі көпірінің астынан ер адам мәйіті табылды. Марқұмның кім екендігі анықталды. Алдын ала дерек бойынша оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ер адамның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары