Отбасы пәтер жалдап тұрады.
Семейде оқушылар жабылып тепкілеп, мүшеқап үрлетіп қорлаған ұл бала көпбалалы отбасынан шыққан. Бұл туралы Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Жүнісова жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мүшеқап үрлеткен»: Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрған (ВИДЕО)
«Мен баланың үйіндемін, психологтар жұмыс істеп жатыр. Отбасында 5 бала бар. Олар: 18, 14, 11, 10 және 8 жаста. Отбасы пәтер жалдап тұрады», - деп жазды үәкіл.
Еске салсақ, Семейде бір топ жоғары сынып оқушылары өздерінен кіші баланы жабылып тепкінің астына алған, онымен қоймай мүшеқап үрлетіп, қорлап, видеоға түсірген.