26.02.2025, 14:00

Берденовтің мәжілістегі орнын кім басқаны белгілі болды

Фото: facebook.com/EkaterinaS.Smolyakova

Бүгін Екатерина Смолякова мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды. 

Екатерина Смолякова мәжілістің жаңа депутаты атанды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Екатерина Смолякова мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды. 

"Орталық сайлау комиссиясынан хабар түсті. ОСК қаулысымен мәжіліс депутаты ретінде Respublica партиясынан Екатерина Смолякова тіркеліп, қатарымызға қосылды", - деді Ерлан Қошанов.

Депутаттар бірауыздан қолдап, жаңа депутат ант берді.