27.02.2025, 04:30

Алматы облысында жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті

Фото: Алматы ПД

Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен.

26 ақпан күні «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен.

«Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ақпаратта.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рульде отырған немқұрайлық таныту – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.