27.02.2025, 12:40

«Ағайынды Сабырхандар бар»: Әлімханұлы шығатын Астанадағы бокс кешінде тағы кім жұдырықтасады

Фото: twitter.com/qazaqstyle

Сондай-ақ осы күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та бокс кешінің көрігін қыздырады деп жоспарланып отырғаны белгілі болды. 

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының 5 сәуірде Астанада өтетін жекпе-жегі кезінде тағы кімнің жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Агенттік тілшісіні хабарлауынша, аталған бокс кешінде бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандар шаршы алаңда кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек. Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.

Сондай-ақ осы күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та бокс кешінің көрігін қыздырады деп жоспарланып отырғаны белгілі болды. 

Сонымен қатар 5 сәуір күні Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Баходир Жалолов та осы кеште кәсіпқой бокстағы шеберлігін көрсетпек. 

Айта кетейік, 5 сәуірде елордада өтетін ірі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі Жәнібек Әлімханұлы мен француздық Анауэль Нгамиссенге арасында өтеді. Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жегінде екі бірдей чемпиондық белдігін қорғайды.