$ 501.49  525.71  5.77

Талдықорғанда бір топ жігіт жаcөспірімді пышақтап тастаған (ВИДЕО)

Жасөспірім есепке алынды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Талдықорған полициясы жас жігітті соққыға жықты деген күдікпен жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім есепке алынып, оның ата-анасы бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, бұған дейін желіде екі жігіттің қатты соққыға жығылған жасөспірімді алып бара жатқан видеосы тараған еді. Видеодан кейін құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.

"Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған бала арнайы есепке қойылды, ал білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілді", — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары