Қазақтар, Наурыз бен ораза дата бойынша қатар келсе, Наурызды тойлайды.
Журналист, сарапшы Айбар Олжай Ораза мен Наурыз түсінігі жайлы айтты,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Наурыз — азат адам ретінде құл болмаған түркілердің жаңа жылы. Көптеген қазақтар үшін оның статусы оразадан жоғары. Қазақтар, Наурыз бен ораза дата бойынша қатар келсе, Наурызды тойлайды. Ислам Алланың құлы болуға үйретсе, Тәңір — сен рухы еркін адамсың дейді. Сол себепті менің айналамдағы көптеген қазақтар Көк аспан мен Көк бөріге қайта оралды.Ораза да тәртіпке үйретеді. Еркін рух пен тәртіп — табыстың кепілі бола алады», — деді ол.