$ 499.22  519.14  5.64

Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табысын декларациялады

Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Елімізде 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді.  

Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.  

«Сонымен қатар, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді», – комитет хабарламасында.

Салықтардың есептелуі мен төленуі салықзаңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзегеасырылады.  

Камералдық бақылаудың мәні – салық төлеушіге табыстарын өз еркімен декларациялап, есептелген салықтарды төлеуге немесе анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсіндірмеберуге мүмкіндік беру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары