28.02.2025, 21:30

Хромтау шахтасындағы апат: бірнеше кенші ауруханаға жатқызылды

Фото: Pixabay

Оқиғаны Ақтөбе облыстық Полиция департаменті растады.

28 ақпан күні Хромтаудағы «Болашақ» шахтасында апат болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарылыс Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде болған. 

Денелерін күйік шалған төрт қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Шахтада өндіру бойынша жұмыстар мән-жайлар анықталғанға және оқиғаның себептері жойылғанға дейін тоқтатылды, - делінген мәліметте.

Оқиғаны Ақтөбе облыстық Полиция департаменті растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: шахта Ақтөбе