$ 499.22  519.14  5.64

Ақтөбе облысында жүк көлігі 33 жолаушысы бар автобуспен соқтығысты (ВИДЕО)

Зардап шеккендер бар.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Түнде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, «Самара – Шымкент» тасжолының жабық учаскесінде, «Уфа – Самарқанд» бағытындағы жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) қызметкерлері апатқа ұшыраған автобустағы 33 Өзбекстан азаматы мен 2 қазақстандық жүргізушіні жолдың қауіпсіз ашық бөлігінде тұрған басқа автобусқа дейін вахтовкамен эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ ауа райының қолайсыздығы жолдағы жағдайды қиындатуы мүмкін екенін еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары