Зардап шеккендер бар.
Түнде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, «Самара – Шымкент» тасжолының жабық учаскесінде, «Уфа – Самарқанд» бағытындағы жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) қызметкерлері апатқа ұшыраған автобустағы 33 Өзбекстан азаматы мен 2 қазақстандық жүргізушіні жолдың қауіпсіз ашық бөлігінде тұрған басқа автобусқа дейін вахтовкамен эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ ауа райының қолайсыздығы жолдағы жағдайды қиындатуы мүмкін екенін еске салады.