Жәбірленуші одан әрі медициналық мекемеге жеткізілді.
Маңғыстау облысында пойыз адамды қағып кетті, салдарынан ер адам ауыр зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының "Опорная" станциясында биыл 28 ақпанда темір жол құрамының қозғалысы басталған сәтте адамды пойыз қағып кетті.
Бұл факт бойынша адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан темір жол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші одан әрі медициналық мекемеге жеткізілді.
Ведомство өкілдері өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін айтты.