03.03.2025, 18:20

Шымкентте әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам ұсталды

Фото: Шолпан Ақмырзаның туыстарының архиві

Мәліметтер бойынша, отбасының әкесі жеті баланың анасын ауыр затпен ұрып, кейін ас үйдің терезесінен лақтырып жіберген.

Шымкенттік ер адам балаларының көзінше 42 жастағы әйелін өлтірді деп күдікке ілінді. Полиция ер адамның ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға ақпан айының басында болған. Мәліметтер бойынша, отбасының әкесі жеті баланың анасын ауыр затпен ұрып, кейін ас үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Полиция күдіктінің қамауға алынғанын айтты.

"Полиция әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.