$ 499.11  521.12  5.58

«Мәйіт зорлаған сюжеті бар»: Қазақстандықтар қырғыз фильмінің көрсетілуіне қарсы шықты (ВИДЕО)

Фильмді кинотеатрлардан көрген қазақстандықтар оған жаппай шағымын білдірген. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстандық кинотеатрларда 13 ақпаннан бастап көрсетілген қырғыздың "46 түн" фильмінің сюжеті ел тұрғындарының наразылығын тудырды. Осыдан кейін ол кинотеатрлардан алып тасталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"46 түн" – қырғыз режиссері Айбек Бектеміровтың биыл шыққан детектив және триллер жанрындағы фильмі. Фильм сюжеті шынайы оқиғаға негізделген. Кинода 1990 жылдары 28 жыл бойы өлген 46 әйелдің мәйітін зорлаған қылмыскердің оқиғасы көрсетілген.

Михаил Лукьянов есімді маньяк әуелі өз әйелінің өлі денесін зорлаған. 30 жылға жуық бейіттерді аралап өмір сүрген оны Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның полиция қызметкерлері ұзақ жылдар бойы қолға түсіре алмаған. Оның құрбандарының ішінде 69 жастағы әже мен 3 жасар қыздың мәйіттері болған. Ол кейіннен ұсталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Фильмді кинотеатрлардан көрген қазақстандықтар оған жаппай шағымын білдірген.  

"Осындай кино түсіруге бола ма? Өлген әйелдің мәйітін қазып алу деген, адамды қорлау ғой. Осындай туындыны түсіруге, жария етуге қалай рұқсат етілген? Көрудің өзі өте қорқынышты", "20 жастағы сіңлім киноға барайық, деген соң келдік. “46 күн” фильмі хит болып жатыр деп өзі таңдады. Залға кірсек еркек өлген әйелін бейітінен шығарып зорлап жатыр. Шошып кеттім. Қанша менталды сау емес адамдар қаптап жүр. Сондайлардың миына сап етіп осындайлар кірсе қиын ғой. Нені насихаттап жатыр мыналар?", "Бұл киноға бармаңдар, көрмеңдер. Мұны қандай мақсатта көрсетіп отырғанын түсінбеймін. Көктемде онсыз да адамдарда психологиялық аурулар шығады ғой", – деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары