Төлем мөлшері әр аймақта әртүрлі.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай еліміздің бірнеше өңірінде аналарға бірреттік әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл бір реттік әлеуметтік төлемдер көпбалалы және мүгедіктігі бар аналарға арналған. Маңғыстау облысы әкімдігі 8 наурыз мерекесіне орай арнайы қаржылай көмек бөлді.
Кімдерге төлем беріледі?
Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес, арнайы марапаттары бар аналарға қаржылай қолдау көрсетіледі: • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері; • Бұрын "Батыр ана" атағына ие болғандар; • "Ана даңқы" орденінің I және II дәрежелерімен марапатталғандар.
Әрқайсысына 2 АЕК (7 864 теңге) төленеді. Жалпы 12 686 әйелге 99,7 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қосымша жәрдемақы қарастырылған. Оның мөлшері 5 АЕК (19 660 теңге), ал жалпы төлем көлемі 654,6 млн теңгені құрайды. Қаржылай көмек 33 300 адамды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтиды.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, төлемдер Наурыз мерекесі қарсаңында жүргізіледі.
Ал Астанада төлем мөлшері – 2,5 АЕК (9 830 теңге).
Ақмола облысындағы көпбалалы аналарға 2-ден 5 АЕК-ке дейін (7 864 – 19 660 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.